loader image
БЖЗҚ қызметінің қорытындылары

АҚ "БІРЫҢҒАЙ ЖИНАҚТАУШЫ ЗЕЙНЕТАҚЫ ҚОРЫ"

4.1. Операциялық көрсеткіштер

БЖЗҚ төмендегілер арқылы халыққа қызмет көрсетеді:

  1. тікелей қызмет көрсету жүйелері – Қор кеңселерінде қызмет көрсету, көшпелі қызмет көрсету (мобильді агент, мобильді кеңсе);
  2. өзіне-өзі қызмет көрсету жүйелері – Қордың сайтын-дағы электрондық сервистер, egov, мобильді қосым-ша, өзіне-өзі қызмет көрсету терминалдары және ақпарат беру дүңгіршіктері;
  3. қашықтықтан кеңес беру жүйелері – қашықтықтан қызмет көрсету арналары (байланыс орталығы, Қордың сайтындағы Online-кеңесші сер-висі, мессенджерлердегі чат-боттар, әлеуметтік желілердегі парақшалар).

2018 жылы өткізілген операциялардың жалпы көлемі 20,9 млн бірлікті құрады, оның ішінде:

тікелей қызмет көрсету
жүйесі арқылы

өзіне-өзі қызмет көрсету
жүйесі арқылы

БЖЗҚ қызметінің қорытындылары

Қашықтықтан кеңес беру жүйесі арқылы есепті кезеңде салымшылардың (алушылардың) 543,1 мың сауалы қабылданған. Бұл өткен жылдың көрсеткішінен (405,8 мың сауал) 34%-ға жоғары.

АҚ "БІРЫҢҒАЙ ЖИНАҚТАУШЫ ЗЕЙНЕТАҚЫ ҚОРЫ"

4.2. Тікелей қызмет көрсету жүйесі 

Есепті кезеңде тікелей қызмет арқылы көрсетілетін операциялар санының 2017 жылмен салыстырғанда, 1,0 млн операцияға немесе 16%-ға жалпы төмендеуі байқалады, бұл ретте есепті кезеңде барып қызмет көрсету арқылы ұсынылған операциялар саны 18%-ды құраған.
Операциялар санының төмендеуі жаңа редакциядағы шарттарды, МКЗЖ зейнетақы шарттарына қосылу туралы қабылданған өтініштер мен шоттардың болуы туралы анықтамаларды беруден басқа көрсетілетін барлық қызмет түрлері бойынша байқалады (↑2%).

Мәселен, операциялар санының ең көп төмендеуі пайыздық көрініс түрінде келесі операциялар бойынша бақыланады:

  • 2016-2017 жылдары аралығында жүгінген әскери қызметкерлердің негізгі көлеміне байланысты әскери қызметкерлерге анықтамалар беру (↓33%);
  • деректемелерді өзгертуге өтініштер қабылдау (↓26%);
  • ақпарат беру тәсілдерін анықтау немесе өзгерту бойынша келісімдерді ресімдеу (↓21%);
  • жеке зейнетақы шоттарынан үзінді көшірмелер беру (↓19%);
  • электрондық қызметтерді дамыту себебінен жеке зейнетақы шоттарын ашуға өтініштер қабылдау (↓16%);
  • әйелдердің зейнеткерлік жасының ұлғайтылуына және композиттік қызметтің енгізілуіне байланысты төлемдерге өтініш қабылдау (↓17%) (төлем ХҚКО арқылы).

Есепті кезеңде Қор кеңселерінде қызмет көрсететін қызметкерлерге орташа жүктеме күніне 23 операцияны, барып қызмет көрсететін қызметкерлерге – күніне 18 операцияны құраған. 2017 жылы бұл көрсеткіш сәйкесінше 25 және 21 операцияны құраған.

Тікелей қызмет көрсетудің негізгі арнасы ретінде 18 фи-лиалдың құрылымына кіретін кеңселер қызмет көрсетеді. Өңірлік өкілдіктердің қызметін тиімді ұйымдастыру мақ-сатында, 2018 жылы келушілер санының аздығына және қызметкерлер жүктемесінің төмендігіне байланысты операциялық бөлімдердің 6 бөлімшесі және Қордың 9 фи-лиалында 10 қызмет көрсету орталығы жабылды. Соны-мен қатар, 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап 16 филиалда 97 қызмет көрсету орталығы жабылып, дәл сол елдіме-кендерде қашықтықтан қызмет көрсетуге арналған 97 жұмыс орны ашылды.

БЖЗҚ-да тікелей қызмет көрсетудің тағы бір арнасы ретінде Қордың барып қызмет көрсетуін атауға болады. Ол мобильді кеңселер мен “мобильді агенттердің” жұмысында көрініс тапқан.

2018 ж. сәуір айында 3 мобильді кеңсе (Алматы, Атырау және Қостанай облыстық филиалдарында) қолданысқа енгізілді. Мобильді кеңселер алыстағы елдімекендерде тұратын салымшыларға (алушыларға) қызмет көрсетуге арналған техникалық жабдықталған автомобильдер түрінде қызмет атқарады.

4454

“Мобильді агенттердің” барып қызмет көрсетуі Қордың жағдайы төмен топтарға (мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға, режимдік және күзетілетін объектілердегі тұлғаларға) қызмет көрсетуді және салымшылардың (алушылардың) жұмыс орнында ақпараттық-түсіндіру жұмысын (тұсаукесер) өткізу барысында қосымша қызмет ретінде болжамданады. “Мобильді агенттердің” орындаған операция-ларының саны есепті кезеңде 8,7 мың сапар аясында 201,3 мың операцияны құраған. 2017 жылмен салыстырғанда (189,5 мың операция, 7,1 мың сапар) есепті кезеңде операциялар саны 6%-ға ұлғайып, шығулар саны 22%-ға артқан.

Барып қызмет көрсету аясында орындалған операциялардың жалпы санынан 27,8 мың қызмет мүмкіндігі шектеулі 10,3 мың салымшы мен алушыға көрсетілген. Бұл өткен жылғы көрсеткіштен сәйкесінше 28% және 24%-ға кем (38,7 мың операция және 13,5 мың қызмет көрсетілген салымшы мен алушы). Халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал топтарына қызмет көрсету көрсеткіштерінің төмендеуі бұл санаттың негізгі бөлігінің 2016-2017 жылдар аралығында өңделуімен байланысты.

Трансфер-агенттік қызмет көрсетуді дамыту аясында Қор есепті кезеңде “Қазпошта” АҚ-мен Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Қордың Меморандумға қол қоюының мақсаты халықты жинақтаушы зейнетақы жүйесімен қамту аясын кеңейту, жүктемесі төмен, алыстағы (шағын) елдімекендердегі халыққа қызмет көрсету үшін Қордың қызметтерін “Қазпошта” АҚ-на кезең-кезеңмен табыстау арқылы қолжетімділіктің арта түсуін қамсыздандыру үшін бүкіл ҚР аумағында филиалдары мен бөлімшелерінің желісі кең ұлттық пошта операторымен ынтымақтасу болып табылады.

АҚ "БІРЫҢҒАЙ ЖИНАҚТАУШЫ ЗЕЙНЕТАҚЫ ҚОРЫ"

4.3. Өзіне-өзі қызмет көрсету жүйесі

БЖЗҚ-ның өзіне-өзі қызмет көрсету жүйесі әрбір адамның интернет пен мобильді байланыс арқылы өзіне ыңғайлы уақыт пен орында БЖЗҚ қызметкерінің көмегінсіз өз бетімен алатын зейнетақы қызметтерін қамтиды.

2018 жылы электрондық пішімде, аздаған бөлігін қоспағанда, зейнетақы қызметтерінің ЖЗШ ашудан бастап төлемге өтініш беруге дейінгі бүкіл желісі іске асырылды. Тікелей есепті кезеңде Қор келесі электрондық қызметтерді әзірлеп, нақтылады және іске қосты:

  1. ЖЗШ-ның болуы туралы анықтаманы, ЖЗШ ашу туралы өтініштің немесе зейнетақымен қамсызданды-ру туралы шарттың телнұсқасын сайтта салымшының (алушының) жеке кабинетінде немесе өзіне-өзі қызмет көрсету терминалдары арқылы алу – енгізілген сәттен бастап (ақпан 2018) қызметті 11,6 мың салымшы пайдаланған;
  2. БЖЗҚ сайтында өз пайдасына ерікті зейнетақы жар-налары есебінен шарт жасасу – қызметі іске қосылған сәттен бастап (маусым 2018) 7,4 мың шарт ашылды.

Цифрланбаған қызметтердің қатарында тек жеке құжаттарды тексеруді талап ететін қызметтер ғана қалды, бұл – үш жақты шарттарды ашу (МКЗЖ және ЕЗЖ есебінен үшінші тұлғаның пайдасына), шетелге ТМЖ-ға шығумен байланысты төлемдерді және салымшының (алушының) өліміне байланысты төлемдерді ресімдеу. Сонымен қатар зейнетақы жинақтарын зейнетақы аннуитеті шарты бойынша сақтандыру ұйымына аудару қызметін автоматтандыру жоспарланған.

Қор кеңселерінде көрсетілген қызметтерге қарағанда электрондық қызмет көрсету серпіні электрондық арналардың көмегімен Қордың зейнетақы қызметтерін пайдаланушылардың саны айтарлықтай көбейгенін көр-сетеді. 2018 жылы электрондық арналар арқылы 2,9 млн салымшыға (алушыға) 15,6 млн қызмет көрсетілген. Бұл 2017 жылғы көрсеткіштен 27%-ға жоғары. Электрондық байланыс арналары арқылы БЖЗҚ зейнетақы қызмет-терін көрсету бойынша операциялардың үлесі 2018 жылдың соңына қарай 75%-ға жетті.

2017 жылмен салыстырғанда электрондық қызметтердің барлық түрлері бойынша өсу байқалады:

  • ЖЗШ-дан көшірмелер беру бойынша – ↑24% (15 258,4 мың қызмет);
  • деректемелерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша – ↑ 124 есе (146,7 мың қызмет);
  • ЖЗШ ашу бойынша – ↑ 490 есе (121,1 мың қызмет);
  • ақпарат беру тәсілін өзгерту бойынша – ↑ 86 есе (43,6 мың қызмет);
  • зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтініш беру бойынша – ↑ 186 есе (8,9 мың қызмет);
  • ЖЗШ ашу туралы шарттардың/өтініштердің телнұсқасын беру бойынша – ↑ 11,6 мың қызмет (2018 ж. ақпан айынан бастап енгізілген).

Электрондық зейнетақы қызметтері БЖЗҚ-ның сайтында және мобильді қосымшасында, Электрондық үкімет порталында, Қордың кеңселерінде орналасқан өзіне-өзі қызмет көрсету терминалдары мен ақпарат дүңгіршіктері арқылы қолжетімді. Бұған қоса келуші ақпарат дүңгір-шіктері арқылы БЖЗҚ қызметкерлерінің көмегінсіз мынадай ақпараттық-кеңес беру қызметін алуына болады:

  • зейнетақы қызметтерін пайдалану бойынша оқыту бейнероликтерін көру (“Интернет қызметтері”, “Интернет көшірмесі”, “Мобильді қосымша”);
  • болжамды зейнетақы төлемін есептеу үшін “Зейнетақы калькуляторы” қызметін пайдалану;
  • ЖЗШ-нан көшірмені жеке e-mail-ге жолдау.

Салымшылар үшін зейнетақы қызметтерін алудың неғұрлым ыңғайлы арнасы Қордың мобильді қосымшасы болып табылады (барлық электрондық қызметтердің 35%-ы). БЖЗҚ мобильді қосымшасы есепті кезеңде 756 мың рет жүктеп алынған (2017 жылғы көрсеткіштен ↑16% – 650 мың жүктеп алу). Қосымша енгізілген сәттен бастап (2014 жылдың мамыр айы) бүкіл кезең бойы жүктеп алулар саны 1,9 млн болған.

Ең көп қолданылатын қызмет ЖЗШ-нан электрондық көшірме болып табылады. Есепті кезеңде 2,6 млн салымшының (алушының) өтініші бойынша 15,3 млн электрон-дық үзінді көшірме (немесе берілген барлық үзінді көшір-мелерден 92%, көрсетілген барлық қызметтерден 73%) қалыптастырылған. 2019 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша ақпарат берудің (ЖЗШ-нан үзінді көшірме алудың) электрондық тәсілін қолданатын ЖЗШ саны 6,1 млн-ды құрады (жылдың басынан ↑27% немесе 1,3 млн ЖЗШ):

  • интернет арқылы – 5,2 млн ЖЗШ
    (↑31% немесе 2017 жылға қарай 1,2 млн);
  • электрондық пошта арқылы – 879 мың ЖЗШ
    (↑9% немесе 2017 жылға қарай 72 мың).

Салымшылар мен алушыларды ақпарат берудің электрондық тәсілдеріне аудару дәстүрлі пошта арқылы ақпарат беру тәсілін таңдаған салымшылар мен алушыларға көшірмесі салынған пошта конверттерін жыл сайын таратуға жұмсалатын БЖЗҚ шығындарын қысқартуға мүмкіндік береді. Мәселен, есепті кезеңде 2017 жылдың қорытындысы бойынша пошта арқылы ақпарат беру жүзеге асырылған. Оның аясында салымшыларға (алушыларға) ЖЗШ-дан үзінді көшірмесі бар 1,3 млн конверт таратылды. Салыстыратын болсақ, 2016 жылдың қорытындысы бойынша ақпарат беру аясында 1,7 млн үзінді көшірме таратылған.

АҚ "БІРЫҢҒАЙ ЖИНАҚТАУШЫ ЗЕЙНЕТАҚЫ ҚОРЫ"

4.4.Қашықтықтан кеңес беру жүйесі

Есепті кезеңде Қорға кері байланыс арналары бойынша азаматтардан 543,1 мың сауал келіп түсті (2017 жылғы көрсеткіштен ↑34%):
65% сауал байланыс орталығы арқылы келіп түсті;
23% – Қордың сайтындағы Оnline-кеңесші сервисі және WhatsApp мессенджері арқылы;
1% – қалған арналар арқылы (кері байланыс сервисі, Басқарма Төрағасының блогы, әлеуметтік желілердегі парақшалар, кеңсе, пікірлер мен ұсыныстар кітабы).

Келіп түскен сауалдарға Қор тарапынан дер кезінде жауап беріліп, барлық шағымдар мен талаптар өңделді (негізді шағымдар бойынша тиісті шаралар қолданылды), салымшылардың (алушылардың) ұсыныстары қаралды.

Қашықтықтан кеңес беру жүйесін дамыту жұмыстарының аясында есепті кезеңде Қор мынадай жұмыстарды атқарды:

  • мамыр айында мессенджер арқылы қызмет алуға мүмкіндік беретін Telegram-бот енгізілді (ЖЗШ-ның жағдайы туралы ақпарат, көшірмені e-mail-ға жолдау, жаңалықтар және т.б.);
  • шілдеде жаңа дистанциялық арна – WhatsApp мессенджеріндегі чат-бот енгізілді. Ол Қазақстан-дағы және шетелдегі тұлғаларға зейнетақымен қамсыздандыру мәселелері бойынша кеңес алуға мүмкіндік береді. Енгізілген сәттен бастап 2018 жылдың соңына дейін 40,4 мың сауал келіп түсті, бұл түскен сауалдардың жалпы санынан 7%-ды құрайды.

АҚ "БІРЫҢҒАЙ ЖИНАҚТАУШЫ ЗЕЙНЕТАҚЫ ҚОРЫ"

4.5. Ақпарат беру

Қор жыл бойы тұрақты негізде бұқаралық ақпарат құралдарында (БАҚ) ақпараттық-түсіндіру ағындарын қалыптастырып отырды. 2018 жылы қазақ және орыс тілдерінде 110 баспасөз хабарламасы таратылды. Журналистік сауалдарға 50-ден астам жауап белгіленген мерзімде әзірленді.

2018 жылы БЖЗҚ атауымен БАҚ-та жарық көрген ақпараттық-түсіндіру материалдарының жалпы көлемі 32,1 мың бірлікті құрады. Бұл 2017 жылғыдан (21,5 мың материал) 1,5 есе артық, соның ішінде:

89% материал өңірлік БАҚ-да шыққан (2017 жылы – 66%);
11% – республикалық БАҚ-да, (2017 жылы – 33%);

Тікелей БЖЗҚ ұсынған ақпарат бойынша алуан түрлі БАҚ арналары арқылы 25,6 мың материал жарық көрген (немесе жарияланымдардың жалпы көлемінің 80%), бұл 2017 жылғы көрсеткіштен 1,7 есе артық (15 мың жарияланым). Жарияланымдардың тарату арналары бойынша үлестірілуі төмендегідей болған:
85,3% электрондық БАҚ және ақпараттық агент-тіктер – 21,8 мың жарияланым (2017 жылғы көрсет-кіштен ↑74%);
9,4% газет-журналдарда – 2,4 мың жарияланым (2017 жылғы көрсеткіштен ↑20%);
3,1% теледидар – 783 материал (2017 жылғы көр-сеткіштен ↑70%);
2,2% радио – 551 материал (2017 жылғы көр-сеткіштен 138 есе артық).

Ақпарат берудің негізгі арналарының бірі ретінде, БЖЗҚ-ның корпоративтік сайты да есептеледі. 2018 жылдың 12 айында пайдаланушылар сайтқа 29,9 млн рет кірген, бұл 2017 жылғы көрсеткіштен 1,4 есе артық (20,8 млн). Сонымен қатар есепті кезеңде Қордың әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларында (жазылушылардың жалпы аудиториясы – 31,6 мың адам) 252 материал орналастырылды (инфографика, мультимедиялық және ақпараттық материалдары), пайда-
ланушылардың 2,3 мың сауалына жауаптар мен түсініктемелер берілді.

2018 жылы баспасөз шараларына айтарлықтай маңыз берілді. Мәселен, Қор басшылығының қатысуымен өзекті мәселелер бойынша 6 брифинг және 2 баспасөз конференциясы өткізілді. Өткізілген 8 іс-шараның қорытындысы бойынша 928 ақпараттық материал жарық көрді (салыстыратын болсақ, 2017 жылы 9 іс-шара өткізілген, олардың қорытындысы бойынша 1,7 мың материал жарияланған).

Алматы қаласында және Қордың барлық филиалдарында қатар өткізілген жинақтаушы зейнетақы жүйесінің 20-жыл-
дығына арналған Дөңгелек үстел негізгі оқиғаға айналды. Бұл іс-шараға жинақтаушы зейнетақы жүйесінің негізін қалаушылар, сарапшылар, қоғам қайраткерлері, Ұлттық Банк пен Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау ми-нистрлігінің өкілдері, журналистер шақырылды. Жүйенің та-рихы және оны дамыту жолдары туралы сындарлы әңгіме өткізілді. Іс-шарада айтылып, БАҚ-да көрініс тапқан негізгі тұжырымдар: “ҚР зейнетақы жүйесі қалыптасты және дұрыс даму жолында”. Өткізілген шараның қорытындылары бойынша 70-тен астам жарияланым жарық көрді.

Қор салымшылармен (алушылармен) тікелей байланысу арқылы белсенді ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізіп келеді. Тоқсан сайынғы негізде “Ашық есік күндері” өткізіліп тұрады. Соның нәтижесінде келушілердің жалпы саны 21 мың адамды құрады (2017 жылы – 13,8 мың), БАҚ-дағы жарияланымдар саны – 5,5 мың (2017 жылы – 2,5 мың).

Көшпелі тұсаукесерлер аясында Қордың филиалдары кәсіпорындар мен ұйымдарда есепті кезеңде 25,1 мың тұсаукесер өткізді, оған жалпы саны 788,1 мың адам қатысты. 2018 жылы өткізілген тұсаукесерлер мен оған қатысушылардың саны бойынша көрсеткіштер 2017 жылғы көрсеткіштерден сәйкесінше 39% және 42%-ға артық болды.

Төрайымының алғысөзі

2018 жылы жинақтаушы зейнетақы жүйесі өзінің жиырма жылдығын атап өтті. Жүйенің толық циклінің “пісіп жетілуі” үшін, салымшылардың ең болмаса бір буыны өзінің бүкіл еңбек қызметі бойына тұрақты зейнетақы жарналарын аударып отыруы үшін кем дегенде 40 жылдай уақыт керек екен.

Қосылыңыздар

Закрыть меню